Оқиға

Нанаевтың ісі: "капюшон киген жігіт" сотқа түсінік берді

© Sputnik / Табылды КадырбековҚылмыстық іс
Қылмыстық іс - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Баскетболшы Игорь Нанаевтың өлімі туралы іс бойынша кезекті сот отырысында сот іс бойынша куәгер ретінде өтіп жатқан қазақ күресінен Қазақстан чемпионы болып табылатын Мейірбек Рахымовтың оқиғада қандай рөл атқарғанын анықтауға тырысты

АСТАНА, 3 ақп — Sputnik. Елена Бережная. Баскетболшы Игорь Нанаевтың өлімі туралы аты шулы іс бойынша кезекті сот отырысында алдыңғы сот отырыстарында "капюшон киген жігіт" деп атап кеткен куәгер түсінік берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Капюшон киген жалғыз жігіт 

Еске сала кетейік, алдыңғы сот отырыстарында куәгерлер Даниил Кузнецов пен Ботагоз Амренова сотқа Игорь Нанаевтың бас жағында жиналған топтың арасында капюшоны бар қара түсті күрте киген жігіт баскетболшының басынан тепті деп айтқан. Тергеу барысында Кузнецов "Нанаевтың жанында болған топтың арасынан қара күрте киген жігіт шығып, жатқан Нанаевтың басынан екі рет тепті", деп мәлімдеген. 

Игорь Нанаевтың досы - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Нанаевтың ісі: баскетболшының досы сотта куәлік етті

"Бәлкім ол төбелес басталған жерде сол бейнедегі капюшон киген жігіт болар. Бірақ мен сенімді емеспін", — деп атап өтті Даниил Кузнецов сот отырыстарының бірінде. 

"Сіз бейнеде болған сол жігіт екенін сенімді айта аласыз ба?", — деп сұрады процессуалды прокурор.

"Жоқ сенімді айта алмаймын, бірақ дене бітімі келеді", — деп түйді Кузнецов. 

Капюшондағы жігіт туралы куәгер Арменова да айтқан болатын.

"Мен Игорьдің жатқанын көрдім. Қайбаровтың Игорьді басынан тепкенін көрдім. Мен танымайтын қара киінген тағы үш жігіт Игорьдің бас жағында тұрған. Екеуі де Нанаевты бас жағынан тепті. Біреуі капюшонда болатын", — деп куәлік еткен сотта Амренова. 

Бейнематериалдар мен куәгерлік түсініктемелерді зерделегенде сол кеште клубтың маңында қара күрте киген бірнеше адамның болғаны анықталды. Бірақ капюшонда бір адам ғана болған – куәгер Рахымов. Мұны соңғы сот отырысында куәгер ретінде сұралған студент Бари Төлеев те растады. 

"Мен ол Рахымов болған деп сенімді айта алмаймын, оның түрін көре алмадым. Бірақ ол жерде капюшон киген жігіт біреу ақ болғанын растаймын. Бұл нақты", — деп атап өтті куәгер Төлеев. 

Істің күмәнді екені анық 

Мейірбек Рахымов – Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік университеті денешынықтыру және спорт факультетінің 1 курс студенті. Қазақ күресімен шұғылданады. Спорт шебері, 2016 жылғы қарашадан бері – Қазақстан чемпионы. 

Петропавл өлтірілген баскетболшы Наневпен қоштасты - Sputnik Қазақстан
Спорт
Петропавл өлтірілген баскетболшы Нанаевпен қоштасты

Оның түсінік беруінде сәйкессіздік ол сөз алмай жатып басталған. Ол отырыс алдында орыс тілін жақсы білмейтінін айтып, аудармашыны талап еткен. Алайда тергеушіге ол түсінікті орыс тілінде, кей сұрақтарға қазақ тілінде жауап берген. Жауап алу хаттамасы орыс тілінде толтырылып, ол оны оқып қол қойған. Куәгерге аудармашыны сот берді. 

Куәгер Рахымовтың түсінігіне сәйкес, сотталушылар арасынан ол Динаш Қайбаров пен Бауыржан Мақатовты таниды. 

"Сіз олармен қандай қарым-қатынаста болдыңыз?" – деп сұрады мемлекеттік айыптаушы Әлия Мұраова. 

"Бір-екі рет көргенмін", — деп  жауап берді Рахымов. 

"Қай жерде?", — деп нақтылады прокурор. 

"Қалада"

"Университетте көрдіңіз бе?"

"Бауыржанды көргенмін…"  

"Араластыңыздар ма?"

"Жоқ. Мен оларды танитынмын, бірақ араласқан емеспін", — деп атап өтті Рахымов. 

Бұл ретте, Рахымов, Мақатов пен Қайбаровтың  - бір аудан —  Шал ақыннан шыққанын айта кеткен жөн.  

Рахымовтың береген түсінігіне сәйкес, сол кеште ол клубқа досы Раиымбек Алпысовпен келген. 

"Сағаттың қаша болғаны есімде жоқ, үйге кетпек болдым, Раиымбекті таба алмай, далаға шықтым. Клубтың бұрышында бір топ адамдар жиналып қалған, досым сол жерде ма, жоқ па көруге бардым. Сол сәтте төбелес басталды… Динаш пен орыс жігіт төбелесіп жатқан. Динаш бір соққы берді, сосын оры жігіт артқа шегінді, барлығы сол жаққа қарай кетті. Ал мен кішкене тұрып үйге кеттім…", — деді куәгер Рахымов. 

"Яғни, сіз барлығымен бірге онда бармағансыз?", — деп нақтылады мемлекеттік айыптаушы. 

Игорь Нанаев - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Соққыға жығылған баскетболшы Нанаев есін жимай, көз жұмды

"Білмеймін… Бес ай өтті. Есімде жоқ", — деп жауап берді Рахымов. 

"Сіз ант бергеніңізді ұмытпаңыз! Сол түнгі оқиғаны жақсылап еске түсіруге тырысыңыз. Сіз тобырдың соңынан бардыңыз ба, жоқ па?", — деп сұрады прокурор Әлия Мұратова. 

"Кішкене жақындадым, ары қарай бармадым…", — деп жауап берді Рахымов. 

"Сіз асфальтта жатқан Нанаевты көрдіңіз ба, оның жанына бардыңыз ба?", — деп нақтылады прокурор. 

"Жоқ…"

"Ол кезде қайда болдыңыз?"

"Үйге қайттым", — дегенді алға тартады Рахымов. 

Ол сол түні капюшоны бар қара күртеде болғанын растады. 


Жаңалықтар
0