Оқиға

ШҚО-дағы үйде болған ірі өрт: төрт газ баллоны жарылды

© Photo : ДЧС Восточно-Казахстанской областиӨрт сөндірушілер
Өрт сөндірушілер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Шығыс Қазақстан облысында тұрғын үйде шыққан ірі өртті сөндіріп жатыр, төрт газ баллоны жарылған, өрттің тарау қауіпі бар

АСТАНА, 7 ақп – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысы Үржар кентінің екі қабатты тұрғын үйде ірі өрт шықты: төрт газ баллоны жарылды, зардап шеккендер жоқ, деп хабарлады бейсенбіде ШҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі. 

ТЖД деректеріне сәйкес, екі қабатты үйде өрт шықты. Ғимаратта 16 пәтер бар. Қазіргі уақытта екінші подъезд отқа оранған, көрші үйлерге өрттің тарау қауіпі бар. 

"Өрт салдарынан төрт газ баллоны жарылды. Тұрғындар арасында құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ", — делінген хабарламада. 

ТЖ орнында үш су тасығыш көлігі мен бес автоцистерна бар. Өрт ауданы нақтыланып жатыр. Тұтану болжамы мен себептерді зерттеу өрт сөндіру зертханасының мамандары талқылауда. 


Жаңалықтар
0