16:47 18 Желтоқсан 2017
Тікелей эфир
Өрт сөндіруші

Солтүстік Қазақстанда үйде болған өрттен екі адам қаза тапты

© Foto: ДЧС Восточно-Казахстанской области
Оқиғалар
Қысқа сілтеме алу
4 0 0

Қазақстанда өрттің басым көпшілігі тұрғын үй секторында болады

АСТАНА, 8 ақп — Sputnik. Тұрғын үйден шыққан өрттің салдарынан екі адам қаза тауып, бір адам ауруханаға жатқызылды деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖ жөніндегі комитеттің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Өрт сөндірушілер
© Foto: ДЧС Восточно-Казахстанской области

"Солтүстік Қазақстан облысы Ақанбарақ ауылындағы жеке тұрғын үйден шыққан өрт кезінде екі адам көз жұмды, тағы бір адамға иіс тиіп ауруханаға жатқызылды", — деп мәлімет берді Иманқұлов.

Өрттің аумағы 90 шаршы метрді қамтыған.

Иманқұлов атап өткендей, елдегі өрт оқиғаларының басым көпшілігі жеке тұрғын үй секторында болады. ТЖК өрт қауіпсіздігін қатаң түрде сақтау қажеттігін тағы бір мәрте естеріңізге салады. 

Басты тақырыптар