16:54 18 Желтоқсан 2017
Тікелей эфир
ер адам

Астанада эротикалық фотосет Желіге жігітінің кесірінен тарап кеткен

© Public Domain
Оқиғалар
Қысқа сілтеме алу
156 0 0

Hummer көлігінің маңында суретке жалаңаш түскен қызға 22 мың теңгеге айыппұл салынды

АСТАНА, 8 ақп – Sputnik. Қыста көшеде элиталық тұрғын үй кешені маңында жалаңаштанып суретке түскен Астанада тұрғыны болған жағдайдың жәй-жапсарын айтып берді. Елордалық жоғары оқу орындарының бірінің 20 жастағы студентіне қатысты іс Астананың мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында қаралды. 

Sputnik Қазақстан редакциясында бар сот қаулысына сәйкес, бойжеткен 31 қаңтар күні кешке Астанадағы Қалдаяқов көшесінің бойында орналасқан "Лондон" тұрғын үй кешенінің қоғамдық орын болып есептелетін автотұрағында жалаңаш суретке түскен. 

Студент қыз жігітінің сол күні Hummer маркалы көлік сатып алғанын және көліктің жанында әдемі сурет жасауы үшін, үйдің ауласында шешінгенін айтқан, ал жігіт ұялы телефонының камерасына түсіріп алған. Бұл суреттер екеуара қолдануға ғана түсірілген. Алайда қыздың сүйіктісі қателесіп, WhatsApp мессенджеріндегі Hummer көліктерінің қоғамдастығы тобына салып жіберген. Сотта Астана тұрғыны кінәсін толықтай мойындады, ендігінде мұндайды қайталамауға уәде берді. 


Басты тақырыптар