Оқиға

ШҚО тұрғындарына 8 жыл бойы мемлекеттік қордан жалған несиелер "ілген"

© Sputnikпара
пара - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекеттік қор қызметкерлері мемлекеттік қазынадан бір миллиард теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырған

АСТАНА, 9 ақп – Sputnik. Ауыл шаруашылығына қаржылық қолдау көрсету үшін бөлінетін жалған несиелер жазған алаяқтардың әрекеттерінен Шығыс Қазақстан облысының 700-ден астам тұрғыны зардап шеккен болуы мүмкін, деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі. 

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Шығыс Қазақстан облыстық «Ауыл шаруашылығына қаржылық қолдау көрсету қоры» филиалының өкілі ауыл шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлерді субсидиялау үшін бөлінетін бюджеттік қаражатты ұрлау мақсатында ұйымдасқан қылмыстық топ құрған. Ұйым әртүрлі бағыттар бойынша жеңілдікпен займдар берген.  

Бірнеше жылдар бойы облыстың тұрғындарына жалған несиелер рәсімделген. Ұйымдасқан қылмыстық топтың кейбір мүшелері "несие алушыларды" іздеген, кейбіреулері займ рәсімдеген, басқалары алынған қаражатты шығару мәселелерімен айналысқан. Тексеруші органдарды адастыру үшін ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері Жарма ауданының тұрғынына бизнесті дамыту үшін несиені Абай ауданында рәсімдеген.

Кейіннен, займ бойынша қарыздарды өндіру көп уақыт алғаны себепті, қағаз жүзінде ақшалай қаражатты алған тұлғаларды табу қиынған соққан. Нәтижесінде, 8 жыл бойы көп мөлшерде ақшалай қаражат ұрланған.

Қожамжаров - Sputnik Қазақстан
Саясат
Қожамжаров жемқорлар туралы: біз үшін тиісуге болмайды деген жоқ

Топтың қатысушылары несиелік жүйелерді әдейі ұзартып, бюджеттік қаражаттың ұрлауын жалғастыру үшін займдарды өтеу мерзімдерін кейінге шегеріп отырған.

Алдын ала мәліметтер бойынша облыстың 700 тұрғынына жалған несиелер рәсімделген. Өткен жылы өздерінің несиелері бар екенін білмеген азаматтарға қатысты, Қор сотқа қаражатты төлемеу туралы талап-арыздарды бере бастаған. Талдау және мұқият зерделеу нәтижесінде Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы қылмыстық топты бірден анықтады. Мемлекетке 1 млрд.теңгеден астам залал келтірілді.  

Облыс прокуроры Таимбетов осы істің тергелуін ерекше бақылауға алды. 

Қазіргі кезде Қор филиалының қызметкері және басқа тұлғаларға қатысты "Алаяқтық"  бойынша қылмыстық іс қозғалған. Экономикалық тергеу қызметінің және ІІД қызметкерлерінен бірлескен жедел-тергеу тобы құрылып, процессуалдық прокурор тағайындалды. Қаізіргі кзде экономикалық тергеу қызметі тергеу жүргізуде.


Жаңалықтар
0