Оқиға

Қазақстанның шығысында адасып кеткен 17 балықшы құтқарылды

© Sputnik / В.Чистяков / Медиабанкке өтуБоран
Боран - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өңірде қатты жел мен боранның салдарынан дабылды ескерту жарияланды

АСТАНА, 10 ақп — Sputnik. Шығыс Қазақстан құтқарушылары адасып кеткен 17 балықшыға үйлеріне қайтуға көмектесті, тағы да төрт адам әлі табылған жоқ. Құтқару операциялары Тарбағатай және Күршім аудандарында жүргізілді деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысы ТЖ жөніндегі департамент баспасөз қызметі.

Қар құрсауында - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
ШҚО-да тас жолада 30-ға жуық адам қар құрсауында қалып қойды

Түк көрінбейтін ақ түтек боранда қалған ер-азаматтар бағдарларын жоғалтып, адасып кеткен. Жеті адам Бұқтырма су қоймасының құйылысында адасыпты.

Тарбағатай ауданында балықшыларды Зайсан көлінен іздестірген. Қатты боранның салдарынан 14 адам адасқан екен. Олармен ұялы телефон арқылы байланысып отырыпты. Құтқарушылар 10 адамды құтқарып "Қырықбай" қыстауына эвакуациялады. Қазіргі уақытта қалған төрт адам іздестірілуде. 

Жаңалықтар
0