03:55 27 Қыркүйек 2017
Тікелей эфир
Зымыран

Оңтүстік Корея баллистикалық зымырандарын сынақтан өткізуі мүмкін

© Public Domain
Оқиғалар
Қысқа сілтеме алу
6 0 0

Өткен жексенбі күні КХДР-дың зымыран ұшыруына жауап ретінде жеке сынақтар өткізіледі

АСТАНА, 13 ақп – Sputnik. Оңтүстік Корея өткен жексенбі күні КХДР-дың орташа радиус әрекетіндегі баллистикалық зымыранын ұшыруына жауап ретінде баллистикалық зымырандарды жеке сынақтан өткізу мүмкіндігін қарастырып отыр, деп хабарлайды РИА Новости  оңтүстік кореялық Ренхап агенттігіне сілтеме жасай отырып. 

"Солтүстік Кореяның жексенбі күні зымыран ұшыруына қарсы қауіпсіздік саласындағы алаңдаушылықты жою бойынша шараларды қайта қарап, Солтүстік тарапынан кез келген агрессияға қарсы тұратынымызды көрсетеміз", — деп келтіреді агенттік өзінің әскери дереккөзінің сөзін. 

Ренхаптың деректеріне сәйкес, мәселе әрекет радиусы 300 шақырымнан асатын және жою радиусы 500 шақырымнан асатын "Хенму-2А" зымырандары туралы болып тұр. 

Соңғы жылдары Оңтүстік Корея КХДР-дың зымыран ұшыруларына жауап ретінде сынақтар өткізген. 

Пхеньян жексенбі күні кезекті баллистикалық зымыранды сынақтан өткізіп, оны Жапон теңізіне қарай ұшырды. Ол 500 шақырым ұшып, солтүстік кореялық баспасөзде сынақ сәтті деп жарияланды. КХДР көшбасшысы Ким Чен Ын оған өзі жеке басшылық етті. 


Басты тақырыптар