03:53 27 Қыркүйек 2017
Тікелей эфир
Көкшетаудағы өрт

Көкшетаудағы өртте бір адам қаза тапты

Sputnik
Оқиғалар
Қысқа сілтеме алу
9 0 0

Көкшетауда әкімшілік ғимараттан шыққан өрт кезінде екі адам зардап шекті – бір адам қаза тауып, тағы бірі ауруханаға жөнелтілді

АСТАНА, 13 ақп – Sputnik. Көкшетауда дүйсенбі күні таңертең әкімшілік ғимарат өртенді, бір адам қаза тапты деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ақмола облысы ТЖД өрт сөндіру қызметі хабарлағандай, ғимарат бүгін таңертең сағат тоғыздан кете тұтанған. Өрт сөндірушілерге хабар 9.37-де келіп түсіпті. Оқиға орнына сол заматта 11 көлік жіберілді.

"Ағаштан салынған әкімшілік ғимарат толығымен өртеніп кетті, бұл 125 шаршы метрді құрайды. Ол жерде автомектептер, сақтандыру компаниясы және басқа да ұсақ ұйымдар орналасқан", — деп хабарлады ТЖД агенттікке.

Өрт кезінде бір адам қаза тапты. 

"Бір адам көз жұмды, тағы біреуі ауруханаға жөнелтілді. Қайтыс болған азамат – Алпысбай Кәркен көлік жүргізу инструкторы болып жұмыс істеген, жасы 72-де", — дейді агенттікке сұхбат беруші.

Өрттің себебі анықталуда. 

Басты тақырыптар