03:55 27 Қыркүйек 2017
Тікелей эфир
қамауға алу

Армения азаматы елінде жасаған ұрлығы үшін Ақмола облысында ұсталды

© AP Photo / Peter Dejong
Оқиғалар
Қысқа сілтеме алу
4 0 0

Ер адам Армения аумағында жасалған ұрлық үшін халықаралық іздеуде болған

АСТАНА, 13 ақп — Sputnik. Ақмола облысында қылмыстық қудалаудан жасырынған Армения азаматы ұсталды, деп хабарлады ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі. 

Целиноград ауданы Өтеміс кентінде полиция қызметкерлері құжаттарды тексеру үшін ер адамды тоқтатқан.

"ДТС базасы бойынша полиция қызметкерлері АР ҚК 177-бабымен (ұрлық) қарастырылған қылмыс жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген Арменияның 44 жастағы азаматы екенін анықтады", — делінген хабарламада. 

Қазіргі уақытта ер адам қамауға алынған.  Целиноград АІІД қызметкерлері ұсталған адамға қатысты материалдарды Ереван полиция басқармасы Шенгавитский бөліміне береді. 


Басты тақырыптар