03:55 27 Қыркүйек 2017
Тікелей эфир
туристі қауіпсіз жерге көшіру

Алматы тауларында "денсаулық соқпағында" екі турист қыз жарақат алды

© Foto: Комитет по ЧС МВД РК
Оқиғалар
Қысқа сілтеме алу
2 0 0

Кимасаров шатқалына қарай барар жолда Алматы тауларында серуендеп жүрген екі қыз жарақат алды

АСТАНА, 13 ақп — Sputnik. Өткен демалыс күні құтқарушыларға Алматы тауларынан екі турист қызды қауіпсіз жерге көшіруге тура келді, деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.

Құтқару ведомствосының хабарлауынша, 14:40 сағатта РЖҚЖ жедел кезекшілігінің телефонына қонырау келіп түсті: туристік топпен тау шыңдарын бағындыруға Фурманова шыңына шығатын жолда жас қыз құлап арқасын зақымдап алған.

Турист қызды қауіпсіз жерге көшіру
© Foto: ҚР ІІМ ТЖ комитеті
Турист қызды қауіпсіз жерге көшіру

РЖҚЖ құтқарушыларының оқиға орнына шыққаны сол еді, жедел кезекшілікке тағы бір қоңырау келіп түсті: бірінші ТЖ болған орыннан алыс емес басқа жерде төтенше жағдай болды – басқа қыз құлап аяғын зақымдап алған.

"Айта кетерлік, екі оқиға Кимасаров шатқалында, "денсаулық соқпағы" деп аталатын жолында орын алған. Мұндай қызықтырарлық атауына қарамастан, әсіресе кей жағдайларда, туристер өздерінің тауға серуендеулеріне жеткіліксіз жауапкершіліксіз қарағанда және жалғыз аяқ жолға дайындықсыз шықса, қолайсыз ауа райына киімімен аяқ киімі сәйкес болмаса, бұл жол, жиі медициналық мекемелерге тікелей әкеледі", — деп атап өтті ведомствода. 

Турист қызды қауіпсіз жерге көшіру
© Foto: ҚР ІІМ ТЖ комитеті
Турист қызды қауіпсіз жерге көшіру

Екі зардап шегушілердің бір-біріне жақын болуына қарамастан, тағы бір жедел жасақ тобын жіберу туралы шешім қабылданды. Бұл екі зардап шеккендерді тасымалдауынан туындаған қажеттілігімен байланысты болды. Бақытымызға орай іздестіру – құтқару жұмыстары ұзаққа созылған жоқ: екі зардап шегуші табылды. РЖҚЖ медициналық бөлімінің қызметкерлері оларға алғашқы көмек көрсетті, содан соң, қыздар төменде күтіп тұрған Апаттар медицинасы орталығының бригадасына дейін тасымалданды.

Іздестіру жұмысына РЖҚЖ жеке құрамынан 12 адам және 2 дана техника жұмылдырылды. 2 адам құтқарылды.

"Өзге де тауға серуендеуші әуесқойларға да құрметпен қарауларыңызды сұраймыз. Сіздердің қөңіл көтерулеріңіз ешкімге кедергі болмайтындай, шаңғы, арғымақ және т.б. тебуге арналған басқа орындар қарастыруларыңызды сұраймыз. Мұз болған жерлер және бөлінген жалғыз аяқ жолдар, туристердің өтуін қиындатып, жиі ауыр жарақаттарға алып келеді", — деген үндеу жасады құтқарушылар.


Басты тақырыптар