03:55 27 Қыркүйек 2017
Тікелей эфир
Полиция

Астанадағы ауқымды жаттығулар: күш құрылымдары үш нысанда қауіпке тойтарыс берді

© Sputnik / Евгений Одиноков
Оқиғалар
Қысқа сілтеме алу
3 0 0

Оқу-жаттығуға жалпы саны 1176 адам мен 156 техника тартылды

АСТАНА, 13 ақп — Sputnik. Елорданың күш құрылымдары антитеррористік оқу-жаттығуларын аяқтады, деп хабарлады дүйсенбіде елорданың ресми сайты. 

Дүйсенбі күні елорданың терроризммен күрес жөніндегі жедел штабының қызметтері Астананың үш нысаны "Есіл" ауданының ІІБ ғимаратының маңында, "Сапаржай" автовокзалында және "Астана Арена" стадионында террористік қауіп туындаған жағдайдағы іс-қимылдарын пысықтады.

"Оқу-жаттығуға жалпы саны 1176 адам мен 156 техника тартылды. Шараның мақсаты – "Астана ЭКСПО  2017" халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге дайындық шеңберінде елордада террористік қуіп туындаған жағдайда өзара іс-қимыл дағдыларын пысықтау", — делінген хабарламада. 

Тартылған бөлімшелер алдарына қойылған міндеттерді орындай алды.


Басты тақырыптар