Оқиға

Астанадағы кәсіпкерлер митингі: президент пен бас прокурордың көмегіне үміттенеміз

© SputnikАстанадағы "7 континет" БО ғимараттары иелерінің митингі
Астанадағы 7 континет БО ғимараттары иелерінің митингі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Астанадағы митингке қатысушылар мәселелерін шешуде бас прокурор мен президенттен көмек сұрап отыр

АСТАНА, 14 ақп — Sputnik. Сот шешімімен "7 континент" бизнес орталығындағы коммерциялық бөлмелерінен айырылып қалған елордалық кәсіпкерлер Астана аудандарының бірінде бейбіт митингке шықты.

Адал сатып алушылар 

Астанада Пушкин және Құдайбердіұлы көшелерінің қиылысындағы саябақта рұқсат етілген митинг өтті. Митинг барысында кәсіпкерлерге төнген проблемаларға қатысушылар қоғам мен мемлекеттік органдардың назарын аударуға тырысқан. Бұдан бұрын, митингте атап өтілгендей, "7 континент" бизнес орталығындағы офис иелері өз мәселелерімен "Атамекен" ҰКП жүгініп, оның заңгерлері кәсіпкерлерді адал сатып алушы деп таныған екен. 

Республика-Өңір-Даму Қоғамдық қорының президенті Ғалым Байтүк - Sputnik Қазақстан
Фото
Астанадағы "7 континент" БО кәсіпкерлері рейдерлік басып алу туралы мәлімдейді

"Біз "7 континент" БО Д блогы бизнес орталығының жеке кәсіпкерлері, күн сайын барлығымыз мемлекеттік қазынаны ондаған миллион теңгеге толықтырамыз. Шағын және орта бизнесті несиелендіруге тиіс банктің өзі озбырлы түрде заңды мүлкімізді тартып алуға тырысып жатқанда қалайша экономиканың драйверлері болмақпыз. Банкирлер президентіміздің сөзін қыстырмайтын болып тұрғаны ғой сонда?!", — деп ашуланды бөлме иелерінің бірі Мұқтар Тұлақпаев. 

Өзге кәсіпкер, ол да кеңсе иелерінің бірі, туристік фирма директоры Әйгерім Бижігітованың атап өтуінше, олар осы айларда қала әкімдігі, жоғарғы сот, бас прокуратураға жүгінген, бірақ одан түк шықпаған. 

"Мәселен біздің арамызда, пәтерін жалға беріп, сол ақшаға күнелтетін Дина  апай бар. Мүгедектігіне қарамай фитнес орталығын ашқан кісі бар. Мен өзім осы бизнес орталықта туристік фирма аштым. Мен жалғыз басты анамын. Ары қарай не болатынын елестетуге де қорқамын. Мен көптеген жылдар бойы жинап, тапқанымнан айырылдым. Енді мен не істерімді де білмеймін. Мен сияқтылар мұнда көп. Біздің сұрап отырғанымыз жалғыз нәрсе — өзімізге тиесілі мүлікті қалдыру", —  деген Бижігітова, жалғыз үміттері – ел президентінде екенін қосты. 

Митинг кезінде сондай-ақ қоғам қайраткері, Қазақстан блогерлері альянсының президенті Ғалым Байтук. 

"Біреудің өмірін бұзғаннан ләззат алатын адамдар бар. Кәсіпкерлердің қиналып, азап шегіп жатқанына қарап отыратын. Әрекеттегі бизнесті жойып, Қазақстандағы іскерлік жағдайды бұзғаннан рахаттанатын тұтастай банктер бар. Сіздер жеке және заңға бағынатын кәсіпкерлер "Нұрбанктің" қыспасында қалдыңыздар. Бұл жағдай шетел инвесторларын Қазақстанда бизнес жүргізуге қорқытып алуы мүмкін. Шетелдік инвестор келіп, бизнес ашса, ертең "Нұрбанк" келіп оны тартып алса. Бұл қалай? Бұл нонсенс! Біз әділдік үшін күресеміз", — деп мәлім етті Байтук. 

Соңғы үміт

Кәсіпкерлердің атап өтуінше, митинг Астанада шағын және орта бизнеске төнген проблемаларға қоғамның назарын аудару үшін ұйымдастырылып отыр. Наразылық шарасы кезінде кәсіпкерлер Нұрсұлтан Назарбаевқа жүгінді. Олар оның іске араласып, әділдік орнатуын сұрайды. Елордалық кәсіпкерлер сондай-ақ ҚР бас прокуроры Жақып Асановқа жүгініп, сот шешіміне шағым түсіруді сұрады. 

АҚШ елшілігі - Sputnik Қазақстан
Оқиға
"Жер белсенділеріне" шығарылған үкім АҚШ дипмиссиясының алаңдаушылығын туғызды

"7 континент" БО кеңсе иелері тобының өкілі Марат Бишаровтың сөзіне қарағанда, тұрғындардың наразылық арасына шығудан басқа амалы қалмаған, өйткені заңсыз шешімдер шығарылып жатқан көрінеді. 

"Соттың "Нұрбанктің" пайдасына шешім шығаруына келіспеуден наразылық туындап отыр. Құрметті Жақып Асанов, сізден азаматтардың заңды мүддесін қорғауыңызды сұраймыз. ҚР Конституциясының 40-бабына сәйкес, президент – Қазақстан азаматтарының құқықтары мен бостандықтары сақталатын  халық бірлігінің символы мен кепілдігі. Біздің бұл жағдайда бізге Елбасымыз көмектеседі  деген жалғыз үмітіміз қалды",  - деп атап өтті өзге заңгер Жанарбек Бектеміров. 

© SputnikАстанадағы "7 континет" БО ғимараттары иелерінің митингі
Астанадағы 7 континет БО ғимараттары иелерінің митингі - Sputnik Қазақстан
1/6
Астанадағы "7 континет" БО ғимараттары иелерінің митингі
© SputnikАстанадағы "7 континет" БО ғимараттары иелерінің митингі
Астанадағы 7 континет БО ғимараттары иелерінің митингі - Sputnik Қазақстан
2/6
Астанадағы "7 континет" БО ғимараттары иелерінің митингі
© SputnikАстанадағы "7 континет" БО ғимараттары иелерінің митингі
Астанадағы 7 континет БО ғимараттары иелерінің митингі - Sputnik Қазақстан
3/6
Астанадағы "7 континет" БО ғимараттары иелерінің митингі
© SputnikАстанадағы "7 континет" БО ғимараттары иелерінің митингі
Астанадағы 7 континет БО ғимараттары иелерінің митингі - Sputnik Қазақстан
4/6
Астанадағы "7 континет" БО ғимараттары иелерінің митингі
© SputnikАстанадағы "7 континет" БО ғимараттары иелерінің митингі
Астанадағы 7 континет БО ғимараттары иелерінің митингі - Sputnik Қазақстан
5/6
Астанадағы "7 континет" БО ғимараттары иелерінің митингі
© SputnikАстанадағы "7 континет" БО ғимараттары иелерінің митингі
Астанадағы 7 континет БО ғимараттары иелерінің митингі - Sputnik Қазақстан
6/6

Жаңалықтар
0