Оқиға

Алматы ТҚКС-дағы өрт: бес автокөлік жанып кетті

© REUTERS Жанып жатқан көлік
Жанып жатқан көлік - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өртеніп жатқан ТҚКС-нан катерді сыртқа алып шыққанымен, іште қалған бес автокөлік жанып кетті

АСТАНА, 15 ақп – Sputnik. Алматы ТҚКС-да өрт шықты, зардап шеккендер мен құрбандар жоқ деп хабарлады Алматы қаласы ТЖ жөніндегі Департамент.

Өрт сөндірушілер - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматыда жанып жатқан ТҚКС-нан 30 адам құтқарылды

Жеке тұрғын үй аумағында орналасқан ТҚКС-нан өрт шыққаны туралы хабар 15 ақпан 05.30-да келіп түсті. Алғашқы өрт сөндіру тобы шақырылған жерге сегіз минуттан соң жектен. Өрт сөндіру барысында төрт газ баллон эвакуацияланды. Өрт сөндірушілер катерді сыртқа алып шығып үлгергенімен, іштегі 5 автокөлік толығымен жанып кетті.

Өрт 06.27-де сөндірілді. Жалпы аумағы 200 шаршы метр. Зардап шеккендер мен құрбандар жоқ. 

Жаңалықтар
0