Оқиға

Еліміздің түкпір-түкпірінде еріктілер жоғалып кеткен қызғылт шашты қызды іздестіруде

© PhotoЖасөспіріп
Жасөспіріп - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматыда жоғалып кеткен қызғылт шашты 13 жасар қыз бүкіл Қазақстаннан іздестірілуде

АСТАНА, 15 ақп — Sputnik. Қазақстанның бірнеше қаласынан еріктілер Алматыда жоғалып кеткен 13 жасар Алина Зуеваны іздестіруге кірісті, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға қыздың көкесі Геннадий Зуев. 

"Біз қазіргі уақытта іздестіріп жатырмыз. Бүкіл сауда орталықтарынан іздеп, қауіпсіздік қызметіне суретін қалдырып жатырмыз. Қоңырау шалып жатқан еріктілер көп. Кеше Астанадан қыздар қоңырау соқты. Мұның бәрі іздеуді жеделдетеді. Біз олармен хат алысып, кімнің қайда болғанын білеміз. Астаналықтар қосымша ақпаратты, суретті таратуға көмектерін ұсынды", — деді Геннадий. 

Еріктілердің нақты санын атауға ол қиналып қалды, өйткені әр минут сайын қосылып, көмектерін ұсынып жатқандар бар екен. 

"Бізге оны көргендер хабарласып жатыр. Қыздың 13-іне такси шақырғанын анықтадық. Ақпарат тарап жатыр. Бұрын мұнай болмайтын, меніңше жасы әсер етіп отыр", — деді жоғалып кеткен қыздың көкесі. 

Қыздың жоғалғаны туралы ақпарат интернетте және әлеуметтік желілерде тарай бастады.  Алина Зуева үйінен 13 ақпан күні 15.00-де шығып кетті. Қыз бала 2003 жылғы 17 наурызда туылып, Алматыда тұрады. 


Жаңалықтар
0