03:55 27 Қыркүйек 2017
Тікелей эфир
Тасбақа

Үрімші-Астана пойызынан тасбақалар табылды

© Sputnik / Евгения Новоженина
Оқиғалар
Қысқа сілтеме алу
17 0 0

Қазақстанға тасбақаларды әкелу мақсаты мен жәндіктердің әрі қарайғы тағдыры әлі белгісіз

АСТАНА, 16 ақп – Sputnik. Қытайдан Қазақстанға бет алған пойыздан тасбақалар табылды деп хабарлайды ҚР ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі.

"Қазақстан – Қытай шекарасының бойында орналасқан "Достық" бақылау-өткізу бекетінің шекара наряды "Үрімші — Астана" бағытындағы жолаушылар пойызына шекаралық тексеру жүргізу кезінде жолсерік купесінің үстіңгі бөлігіне жасырылған тасбақаларды анықтады. Санап жібергенде 30 данаға жетіп жығылды", — делінген хабарламада.

Бұл іс бойынша 1965 жылы туылған қазақстан азаматы ұсталды. Ұстау дерегі бойынша материалдар Алматы облысы Алакөл ауданы бойынша көлік прокуратурасына жолданатын болады. 

Басты тақырыптар