20:58 25 Қыркүйек 2017
Тікелей эфир
Жол апаты

Ит екен десем:Алматыда жаяу жүргіншіні қағып өлтірген жүргізуші ұсталды

© Foto: пресс-служба ДВД ЮКО
Оқиғалар
Қысқа сілтеме алу
10 0 0

Алматы полициясы Әуезов ауданынжағы жол апаты орнынан қашып кетен Toyota Camry жүргізушісін тез тауып алды

АСТАНА, 16 ақп – Sputnik. Алматы полициясы жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізушіні ұстады деп хабарлады қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиға сәрсенбі күні Алматы қаласы Әуезов ауданында түн ортасында болған.

Полиция мәлімдегендей, жол апатына екі автокөлік қатысқан: Scoda жүргізушісі оқиға орнында қалса, Toyota Camry жүргізушісі қашып кетіпті. Екі көлік те Саин көшесімен солтүстікке қарай беттеп келе жатқан.

"Қашып кеткен жүргізушінің кім екенін бірден анықтадық. Ол Алматы қаласы Жетісу ауданының 1969 жылы туылған тұрғыны. Тұрғылықты мекенжайына барғанымызда, ер адам үйінде болып шықты. Ол Саин көшесінде итті қағып кеткеніне сенімді болған екен. Қазір біздің бөлімше қызметкерлері Toyota  жүргізушісін әрі қарайғы үдерістік әрекеттер жасалуы үшін Тергеу басқармасындағы әріптестерімізге тапсырды", — деді Алматы қаласы ІІД жергілікті полиция қызметінің іздестіру бөлімшесі бастығы, полиция подполковнигі Ерік Насырбеков.

Басты тақырыптар