20:58 25 Қыркүйек 2017
Тікелей эфир
WADA кодексінің жобасы

ҰОК: Австрияда қазақстандық биатлоншылардың құқықтары бұзылды

© AFP / Rogerio Barbosa
Оқиғалар
Қысқа сілтеме алу
3 0 0

Қазақстанның спорт ұйымдары Австрия билігін қазақстандық биатлоншыларға қатысты дауға кінәлі адамдарды тауып, оқиғаның мән-жайын анықтауға шақырып отыр. Допинг пайдаланды деген күдікпен біздің спортшылардан әлем чемпионатындағы жарыстардың алдында түні бойы жауап алынған болатын.

АСТАНА, 16 ақп – Sputnik. Қазакстанның Ұлттық Олимпиада комитеті (ҰОК) мен ҚР биатлоншылар одағы Хохфильценде өтіп жатқан әлем чемпионатында допинг пайдаланды деген күдікке ілінген қазақстандық биатлоншылардың құқықтары бұзылғанын мәлімдеді. 

Бұған дейін хабарланғандай, әлем чемпионатындағы жарыстардың алдында қазақстандық спортшылар допинг пайдаланды деген күдііке ілінді. Ине пен дәрі түтіктері салынған қорапты көргендердің хабарынан кейін тінту жүргізілген. Осы жерде қораптың ішіндегі дүние Қазақстан құрамасына тиесілі екенін анықтауға көмектескен құжаттар да табылған. Спорт министрлігінде мәлімдегендей, бұл оқиға дәрігердің кінәсінен орны алған. Ол пайдалануға тыйым салынбаған медициналық препараттарды жоюдың тәртібін бұзған. Кейін WADA Дүниежүзілік допингке қарсы агенттігі қазақстандық спортшылардың допинг-сынамалары теріс нәтиже көрсеткенін мәлім етті. 

"Өкінішке қарай, бекітілген ережелердің еленбей, салдарынан қазақстандық спортшылардың құқықтары бұзылғанын айтуға мәжбүрміз. Биатлон бойынша ұлттық құраманың барлық мүшелерінен жарыс алдында таңғы сағат беске дейін үзіліссіз жауап алынды. Бұған қоса тиісті рәсімдердің бұзылуымен допинг-сынақтан өткізілді. Барлығының жеке коммуникация құралдары, телефондары, компьютерлері тартып алынып, тінту жүргізілді және жаттығу кезінде басқа да жедел іздеу шаралары қолға алынды", — делінген Ұлттық Олимпиада комитетінің сайтындағы бірлескен мәлімдемеде. 

Комитеттегілер мәлімдегендей, австриялық полиция органдары тарапынан көрсетілген қысым мен олардың кәсібилікке жатпайтын осынау іс-әрекеттері біздің спортшылардың шаршап, күйзеліске ұшырауына әкеп соқтырған. Салдарынан қазақстандық құрама келесі күнгі аралас эстафетада толық мүмкіндігін көрсете алмады. 

Қазакстанның Ұлттық Олимпиада комитеті мен биатлоншылар одағы Австрия билігі мен Халықаралық биатлоншылар одағын (IBU) осы оқиғаны тергеп-тексеруге шақырып, болашақта қазақстандық спортшылар мұндай жағдайға

Басты тақырыптар