21:17 25 Қыркүйек 2017
Тікелей эфир
қысқы табиғат

Дауылды ескерту: Оңтүстік Қазақстанда қар көшкіні түсуі ықтимал

© Sputnik / Александр Вильф
Оқиғалар
Қысқа сілтеме алу
3 0 0

ОҚО-да жауын-шашының көп түсуіне байланысты биік қар жамылғысы пайда болды

АСТАНА, 16 ақп – Sputnik. Оңтүстік-Қазақстан және Жамбыл облыстарында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарланады ҚР ІІМ ТЖ комитетінің сайтында. 

"Оңтүстік-Қазақстан облысында елеулі жауын-шашынның әсерінен және қар жамылғысының биік болуынан 16 – 18 ақпан аралығында қар көшкіні күтілуде. Қар көшкінін жүруін ұрындырмау үшін тау бөктерлеріне шығуға тыйым салынады. Тауда абай болыңыз", — делінген хабарламада.

Бұдан бөлек жақын тәуліктерде, 17 ақпанда күшті жауын-шашын болжамына сәйкес Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарының аласа таулы өзендерінде  еріген қар-жаңбырлы су тасқының және беткейлік ағынның пайда болуы күтіледі.


Басты тақырыптар