03:50 27 Қыркүйек 2017
Тікелей эфир
Пара

Қостанай ЖІІБ бастығы парамен ұсталды

© Sputnik / Болат Шайхинов
Оқиғалар
Қысқа сілтеме алу
40 0 0

Ұсталған подполковник сот алды тергеуді тоқтатқаны үшін ақшалай сыйақы алған

АСТАНА, 17 ақп – Sputnik. Қостанай станциясы көліктегі желілік ішкі істер бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Сапаров Е. Р. бір миллион теңге пара алу үстінде ұсталды деп хабарлайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы.

Ұсталған подполковник бірінші орынбасары, полиция майоры Батталов Ч. О. арқылы "Қазақстан Темір Жолы" ҰК" АҚ филиалының Қостанай қаласы магистралді желілер бөлімінің бас инженерінен сот алды тергеуді тоқтатып, қылмыстық жауапкершілікке тартпағаны үшін пара алған. 

Сапаров Е. Р. ҚР ҚПК 128 бабы негізінде ұсталып, Рудный қаласы ІІБ-ның уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сот алды тергеу жүргізілуде. 

Басты тақырыптар