03:54 27 Қыркүйек 2017
Тікелей эфир
Қар көшкіні

Жамбыл облысында әскери қызметкерлерге қар көшкіні түсті

© Sputnik /
Оқиғалар
Қысқа сілтеме алу
Жамбыл облысында болған қар көшкіні (8)
35 0 0

Іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілуде, оперативті штаб құрылды

АСТАНА, 17 ақп — Sputnik. Қазақстан әскери қызметкерлері Жамбыл облысында оқу-жаттығуларын өткізу кезінде қар көшкіні жүрді, деп хабарлады ҚР қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. 

"Жамбыл облысында Көксай шатқалында 91678 әскери бөлімінің жоспарлы әскери дайындық барысында кенеттен қар көшкіні жүрді", — деп хабарлады ведомствода. 

ҚР ІІМ-нің төтенше жағдайлар комитетімен бірлесе отырып, іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

"Оңтүстік" өңірлік басқармасында қолбасшының басшылығымен жедел штаб құрылды. "Осы оқиғаға байланысты атқарылған жұмыстардың барысы туралы кейінірек толығырақ хабарланатын болады", — деді ведомстводағылар. 

Жамбыл облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментте Sputnik Қазақстанға, әскери бөлімшенің командирі оқиға орнына кеткен, қазіргі уақытта онымен байланыстың жоқ екенін хабарлады. 


Тақырып:
Жамбыл облысында болған қар көшкіні (8)

Басты тақырыптар