Оқиға

Жамбыл облысындағы қар көшкінінен жеті адам қаза тапты

© Sputnikжедел жәрдем
жедел жәрдем - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жалпы 17 адам табылды, оның 10-ын дәрігерле қарап жатыр

АСТАНА, 17 ақп — SputnikЖамбыл облысының Көксай шатқалында болған қар көшкіні салдарынан 7 адам қаза тапты, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісіне облыстық төтенше жағдайлар департаментінен. 

"17 адам табылды, оның 10-ы аман (оларды дәрігерлер қарап жатыр), жеті адам қаза тапты. Жетеуін іздеп жатыр", — деп хабарлады департаменттен. 

Қар көшкіні - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Жамбыл облысында әскери қызметкерлерге қар көшкіні түсті

Бұған дейін хабарланғандай, Жамбыл облысындағы Көксай шатқалында өтіп жатқан 91678 әскери бөліміндегі әскери қызметшілердің жауынгерлік дайындық сабағы барысында күтпеген жерден қар көшкіні болған.

ҚР ІІМ ТЖМ Төтенше жағдайлар комитетімен бірлесіп іздеу-құтқару жұмыстары жүргізілуде. "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылықта қолбасшының басшылығымен жедел штаб құрылды.

Жаңалықтар
0