20:58 25 Қыркүйек 2017
Тікелей эфир
Фемида

Көкшетауда шенеунікке пара берген кәсіпкер сотталды

CC0
Оқиғалар
Қысқа сілтеме алу
12 0 0

Ақмола облысында лауазымды тұлғаға пара берген фирма директоры сотталды

АСТАНА, 17 ақп – Sputnik. Көкшетауда компьютерлік фирманың директоры мемлекеттік кіріс басқармасы басшысының орынбасарына пара бергені үшін сотталды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан агенттігі тілшісі сот актісіне сілтеме жасай отырып. 

Мемлекеттік кіріс департаменті "Мультисофт Еуразия Көкшетау" ЖШС-ны тексеру барысында бекітілген қаржылық айналымның рұқсат етілген көлемнен артуын анықтады Осыған байланысты серіктестікке ҚҚС төлеуші ретінде есепке тұру туралы ескерту жіберілген. Фирма иесі Көкшетау мемлекеттік кіріс басқармасы басшысының орынбасарына жүгінген. Лауазымды тұлға мәселені оң шешу үшін калькуляторда – 300 мың теңгені терген. Келесі күні фирма директоры ақшаны әкеліп, күнделіктің арасына салған. Кейіннен оларды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру ұлттық бюросының қызметкерлері ұстап алды. 

"Мультисофт Еуразия Көкшетау" ЖШС директорына ауыр жемқорлық сипатындағы қылмыс жасады деген айып тағылды. Көкшетау қалалық соты оны пара беруде кінәлі деп тапты. Сотталушыға 4 миллион 500 мың теңге көлемінде айыппұл төлеу жазасы тағайындалды. 


Басты тақырыптар