21:12 25 Қыркүйек 2017
Тікелей эфир
Астана әуежайы

Астана әуежайында жолаушыларды қолмен тіркеді

ИА Новости-Казахстан
Оқиғалар
Қысқа сілтеме алу
16 0 0

Қолмен тіркеу жағдайы телекоммуникациялық кабельдің үзілуінен орын алды

АСТАНА, 17 ақп – Sputnik. Астана халықаралық әуежайының қызметкерлері жолаушыларды қолмен тіркеуге мәжбүр болды, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға әуе айлағының ақпараттық технологиялар және коммуникациялар қызметі. 

"Телекоммуникациялық кабель болжам бойынша жұмыс кезінде үзілді – бірнәрселер қазып, кабельді үзіп жіберген", — деп түсіндірді IT-қызметінің қызметкері. 

Әңгімелесушінің сөзіне қарағанда, белгілі бір уақытта жолаушыларды қолмен тіркеді, әуежайда интернет пен телефон байланысы болмады. 

"Қазіргі уақытта шамамен кешкі сағат алтылардан бастап, тіркеу электрондық тәсілмен өтіп жатыр. Бір резервті арнаны аштық. "Қазақтелеком" қалпына келтіру жұмыстарын кешкі сағат 9-10-да аяқтауға уәде етті", — деп хабарлады әуежайда.  


Басты тақырыптар