21:08 25 Қыркүйек 2017
Тікелей эфир
қар көшкіні

Жамбыл облысында қар көшкінінен кейін әскери қызметкерлерді іздестіру аяқталды

© Sputnik / Анатолий Устиненко
Оқиғалар
Қысқа сілтеме алу
Жамбыл облысында болған қар көшкіні (8)
43 0 0

Жалпы іздестіру-құтқару операциясы барысында аман қалған 16 адам және 7 қаза тапқан кісінің денесі табылды.

АСТАНА, 18 ақп — Sputnik. Жамбыл облысында қар көшкінінен кейін 23 адам табылды, іздеу шаралары аяқталды, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. 

 17 ақпан күні, Жамбыл облысында Көксай шатқалында 91678 әскери бөлімінің әскери қызметшілерінің жауынгерлік даярлық бойынша жоспарлы әскери дайындық барысында ойламаған жерден қар көшкіні жүрді. Оқу-жаттығуды орындауға барлығы 23 адам қатысқан.

Қазіргі кезде Жамбыл облысының Көксай шатқалында жүргізілген іздестіру-құтқару жұмыстары аяқталды, 7 әскери қызметшілер қаза тапты. Іздестіру шараларына Қарулы Күштердің әскери қызметшілері, Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаментінің оперативті тобы және арнайы техникаларымен бірге Шекара қызметінің әскери қызметшілері жұмылдырылған.

ҚР Қорғаныс Министрлігінің басшылығы қаза болған азаматтардың отбасына және туған-туысқандарына қайғырып көңіл айтады. Еліміздің Премьер-министрінің Үкімімен Қорғаныс министрінің басшылығымен арнайы комиссия құрылды.


Тақырып:
Жамбыл облысында болған қар көшкіні (8)

Басты тақырыптар