20:56 25 Қыркүйек 2017
Тікелей эфир
Күре жол

Қазақстанның барлық облыстарында дерлік жолдар жабық

© Foto: Пресс-служба АО "НК "КазАвтоЖол"
Оқиғалар
Қысқа сілтеме алу
6 0 0

Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары автожолдарының учаскелерінде қозғалыс тоқтатылды.

АСТАНА, 20 ақп — Sputnik. Қазақстанның сегіз облысындағы республикалық жолдарда көлік қозғалысы тоқтатылды, деп xабарланады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің сайтында. 

Ауа райының қолайсыздығына байланысты (бұрқасын мен желдің күшеюі) барлық автокөліктер үшін жолдар жабық:

— Ақмола облысында — Жақсы — Есіл — Бұзұлык (0-82 км Жақсы к. — Бұзұлык к.), Қостанай — Әулекөз — Сұрған (Сұрган к. — Қостанай облысының шекарасы), Жезқазған — Петропавловск (377-595 км, Қостанай облысының шекарасы – СҚО шекарасы) жолдар учаскесінде; 

— Ақтөбе облысында — "Ақтөбе-Орынбор" тас жолының "Мәртүк-Қурайлы" учаскесінде, "Ақтөбе-Атырау-Астраxан" (11-92 шақырымы, Ақтөбе қаласы-Қандыағаш), Донское — Бадамша (17-48 км), Петропавловк — Хазретовка (0-36 км), Ақтобе — Родниковка — Мәртүк (5 — 74 км), Покровка — Темір — Кеңқияқ — Ембі (111 — 175 км); 

— Алматы облысында —  "Талдықорған-Қапал" облыстық тасжолында, "Үшарал-Достық" тасжолында; 

— Шығыс Қазақстан облысы — "Омбы-Қапшағай" тасжолының 756-900 шақырымы, "Семей-Қалбатау" учаскесі, сонымен қатар "Семей-Қайнар" аралығы;

— Қарағанды облысы — "Қарағанды-Аягөз-Бұғаз" республикалық автожолдың 60-217 шақырымындағы "Ботақара-Қарқаралы" учаскесі;

— Павлодар облысы "Ленинский-Ақсу-Көктөбе-Ақжар-Курчатов" республикалық тасжолы. 

Солтүстік Қазақстан облысында облыстық маңыздағы барлық жолдар көліктің барлық түрлері үшін жабылды. 


Басты тақырыптар