Оқиға

Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында қар көшкіні жүруі мүмкін

© Sputnik / Анатолий Устиненкоқар көшкіні
қар көшкіні - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Астана қаласы, Ақмола, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында дауылды ескерту жарияланды

АСТАНА, 20 ақп — Sputnik. Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының талы аймақтарында қар көшкіні жүруі ықтимал, деп хабарланады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің сайтында. 

Таулар - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Жамбыл облысында бір топ адамға қар көшкіні түсуінің мән-жайы аталды

Шығыс-Қазақстан облысының таулы аудандарында жауын-шашынның күтілуіне, қар жамылғысының биік болуына және  қардың бұрқасындық тасымалдануына байланысты 20 ақпанда қар көшкіні күтілуде. "Қар көшкінін жүруін ұрындырмау үшін тау бөктерлеріне шығуға тыйым салынады. Тауда абай болыңыз", — деп ескертеді ТЖ жөніндегі комитет.

Өткен жұма, 17 ақпан күні Жамбыл облысы Көксай шатқалында тауда әскери дайындықтар жасап жатқан бір топ әскерилерге қар көшкіні түсіп, жеті адам қаза тапты, 16 әскери зардап шекті.  

Бұдан бөлек Ақмола облысы мен Астанада 20-21 ақпанда дауылды ескерту жарияланды. 


Жаңалықтар
0