03:47 27 Қыркүйек 2017
Тікелей эфир
Хайвилл тұрғын үй кешеніндегі өрт

Астанада тұрғын үй өртенді: бір адам зардап шегіп, 150-і қауіпсіз жерге шығарылды

© Foto: Комитет по ЧС МВД РК
Оқиғалар
Қысқа сілтеме алу
6 0 0

Тұтану "Хайвилл" тұрғын үй кешенінің жертөле ғимаратында болған, 150 адам қауіпсіз жерге шығарылды

АСТАНА, 20 ақп — Sputnik. Астанада "Хайвилл" тұрғын үй кешенінде өрт шығып, бір адам зардап шекті, 150 адам қауіпсіз жерге шығарылды деп хабарлады ІІМ ТЖ жөніндегі комитеттің ресми өкілі Руслан Иманқұлов Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Тұрғын үйден түтін шыққаны туралы хабар жексенбі күні сағат 21.10-да келіп түскен. Сорғы бөлмесіндегі алпыс шаршы метр аумақтағы жиһаз бен кабель тұтаныпты.

Хайвилл тұрғын үй кешеніндегі өрт
© Foto: ІІМ ТЖ жөніндегі комитет
"Хайвилл" тұрғын үй кешеніндегі өрт

Өрт нәтижесінде 21 жасар жігітке иіс тиіп, медициналық жәрдем көрсетілді. 150 адам эвакуацияланған, олардың 50-і балалар.

Өрт бір сағаттан соң ауыздықталып, тағы 10 минут өткен соң толықтай сөндірілді.

Оқиға орнынан Sputnik Қазақстан тілшісі хабарлағандай, өрт А3 блогынан шыққан. А3 блогындағы пәтерлер тоқтан ажырап қалды, сонымен бірге су мен жылу да жоқ.  

Басты тақырыптар