22:16 23 Қыркүйек 2017
Тікелей эфир
Жедел жәрдем

Қостанай облысындағы жол апаты: үш бала және екі ересек адам зардап шекті

© Sputnik / Анатолий Устиненко
Оқиғалар
Қысқа сілтеме алу
5 0 0

Қостанай облысында "Мерседес" пен "Опелдің" соқтығысуынан 5 адам жарақат алды

АСТАНА, 20 ақп — Sputnik. Қостанай облысы полициясы үш бала, екі адам зардап шеккен жол апаты бойынша сот алды тергеу ісін жүргізуде. 

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің берген мәліметі бойынша, 19 ақпан күні 16.00-де Федоров ауданы аумағындағы Успеновка ауылына жақын маңда ауа райы қолайсыздығына байланысты жолдың дұрыс көрінбеуі салдарынан екі автокөлік "Мерседес Бенс" пен "Опель" соқтығысқан.

"Жол апаты нәтижесінде "Мерседес" жүргізушісі жарақат алып, қалалық аурухананың травматология бөлімшесіне жатқызылды. Автокөлікте екі жасар бүлдіршін қыз болған, ол облыстық балалар ауруханасының жан сақтау бөліміне жеткізілді", — деп хабарлайды полиция.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, "Опель" жүргізушісі зардап шеккен жоқ. Оның 36 жастағы жұбайы мен 7 жасар қызы және төртайлық ұлы әр түрлі жарақат алып ауруханаға түскен. 

"Қазіргі уақытта жол апаты дерегі бойынша ҚР ҚК 345 бабы 2 бөлігіне сәйкес сот алды тергеу ісі жүргізілуде", — деді баспасөз қызметінде.  

Басты тақырыптар