22:13 23 Қыркүйек 2017
Тікелей эфир
Жуынатын бөлме

Қарағандыда ыстық суға күйіп қалған 2 жасар бала қайтыс болды

© Sputnik / Константин Чалабов
Оқиғалар
Қысқа сілтеме алу
37 0 0

Анасы екі жасар қызының ыстық су құйылған ваннада көз жұмғанын байқамаған

АСТАНА, 20 ақп — Sputnik. Қарағандыда прокурорлар екі жасар қыздың қазасына байланысты тергеуге дейінгі тексеріс жүргізіп жатыр. 

Қайғылы оқиға қаланың Октябрь ауданында орын алған. Анасы кішкентай қызын жуындырып алмақ болады. Әйелдің көршілерінің айтуынша, ол баласын ыстық су құйылған ваннаға абайсызда құлатып алған. Денесі қатты күйіп қалған қыздың өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. 

"Сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл іс бойынша күдікті – қайтыс болған қыздың 43 жастағы анасы" — деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісіне аудандық прокуратура бөлімінің бастығы Сабыр Саржан. 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша көз жұмған бала сал ауруымен, туа біткен орталық жүйке жүйесінің дертімен ауырған. Өткен жылдың желтоқсан айында ол Астанада ем қабылдаған. 

"Баланың анасының құлағы естімейді әрі сөйлей алмайды. Қызын жалғыз өзі тәрбиелеген. Олар Қарағандыда уақытша туысқандарының үйінде қонақта болған", — деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасындағылар. 

Қазіргі уақытта әйел уақытша ешқайда кетпеу туралы қолхатпен бостандықта жүр. Таныс адамдарының айтуынша, анасы қызының қазасына қатты қайғырады. Төтенше жағдайдың барлық мән-жайын құқық қорғау органдары тексереді. 

Облыстық прокуратураның мәліметі бойынша 2016 жылы кәмелеттік жасқа толмағандарға қарсы 272 қылмыстық заңбұзушылық тіркелген. Өте ауыр қылмыс бір жыл бұрын Үштөбе ауылының маңында орын алды. Анасы бірге тұратын ер адаммен бірге қақаған суықта екі жасар қызын жолда тастап кетеді. Содан кейін тас боп қатып қалған қыздың денесін пешке жағып жіберген. Бұл іс бойынша тергеу әлі  аяқталған жоқ. 

Басты тақырыптар