03:53 27 Қыркүйек 2017
Тікелей эфир
колония

ОҚО-да әлеуметтік желіде жихады насихаттаған жеткіншек 6 жылға сотталды

© Sputnik / Александр Кондратюк
Оқиғалар
Қысқа сілтеме алу
12 0 0

Оңтүстік Қазақстандық жеткіншек әлеуметтік желі арқылы жихадты насихаттаған

АСТАНА, 20 ақп – Sputnik. Оңтүстік Қазақстан облысында әлеуметтік желілер арқылы қаруланған жихадты насихаттаған 16 жастағы жасөспірім алты жылға бас бостандығынан айыруға сотталды, деп хабарлайды өңірлік Otyrar.kz порталы. 

Оңтүстік Қазақстан облысы Қазғұрт ауданының кәмелет жасқа толмаған тұрғыны 256-баптың 2-бөлімі, "Телекоммуникация желілері арқылы терроризмді насихаттау", 257-баптың 2-бөлімі "Террористік топтың қызметіне қатысу" бойынша кінәлі деп танылды. "Сот жазасын жалпы тәртіптегі колонияда өтеумен алты жылға бас бостандығынан айыруды үкім етті", — деп келтіреді басылым кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Серікбай Төлепбергеновтің сөзін. 

Сот жеткіншектің тыйым салынған материалдарды ұялы телефоны арқылы  "ВКонтакте" әлеуметтік желісінде таныстары мен достарына таратқанын анықтады. 16 жасар сотталушы өз кінәсін мойындамады, алайда тергеу дәлелі айғақтар жинаған. Судьяның сөзіне қарағанда, бұл іс бойынша бүтін бір отбасы өткен, жеткіншектің әкесі де сотталыпты. 

"Олар үйінде Сирияға қалай кету туралы талқылаған. Бұған дейін сонда аттанған туыстары бар екен. 2016 жылғы қаңтардан сәуірге дейін жедел қызметкерлер осы бойынша жұмыс істеген", — деп түсіндірді Төлепбергенов. 

Сот төрағасының сөзінше, терроризмге үгіттейтін материалдар таратқаны үшін  тағы бір жасөспірім қыз 5 жылға бас бостандығынан айырылған.

"Мұндай істер бойынша, іс тоқтатылмайды, шартты жаза тағайындалмайды, тек бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады. Бізде қазір жаңа технологиялар заманы. Барлығы интернет арқылы жүргізіледі. Салдары ауыр болатындықтан қатаң жаза тағайындалады", — деп атап өтті судья. 


Басты тақырыптар