Оқиға

Алматы әуежайында сынап төгіп алған адамға үкім шықты

© Sputnik / Анатолий УстиненкоАлматы әуежайы
Алматы әуежайы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өткен жылдың қазан айында ер адам шыны құтымен сынапты заңсыз алып өтпек болған

АСТАНА, 24 ақп — Sputnik. Өткен жылдың қазан айында Алматы әуежайында сынап төгіп алған ер адамға үкім шықты, деп хабарлады қаланың Түрксіб аудандық сотының баспасөз қызметі. 

Алматы-Тбилиси әуе рейсінің жолаушысы 3 қазан күні шыны құтыға құйылған сынапты бортқа алып кірмек болды. Қауіпті зат тексеру барысында табылғанда, құтыны қоқысқа лақтырып жіберген. Сынап төгілгеннен кейін, жолаушылар мен әуежай қызметкерлері терминал ғимаратынан тез арада қауіпсіз жерге көшірілген болатын. Сондай-ақ,  үш ішкі және үш халықаралық рейс кешіктірілген еді. 

Тұтқындау - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматы әуежайында сынап төккен азамат екі айға тұтқындалды

Сотта белгілі болғандай, өз әрекеттерімен бұзушы Алматы әуежайына 340 мың теңгеден астам сомаға, ал Air Astana әуекомпаниясына 1 миллион теңгеден астам сомаға зиян келтірген. 

Сотқа іс кінәні мойындау туралы процессуалдық келісіммен келіп түсі. Сот ер адамның қылмысты ашуға ықпал еткенін, оның көмегімен құқықбұзушылықтың басқа қатысушыларының ұстағанын ескерді. Ол кінәсін толық мойында, істеген ісіне қатты өкінетінін жеткізді. Қамқорлығында үш кішкентай баласы мен қар шешесі бар, отбасының жалғыз асыраушысы.  

Сот оны жоғарыда аталған қылмысты жасауда кінәлі деп танып, оған алты жылға шартты мерзімге жазасын өтеуге үкім шығарды.


Жаңалықтар
0