Оқиға

Шымкент мектебіндегі жарылыс салдарынан мұғалім қаза тапты

© SputnikЖедел жәрдем
Жедел жәрдем - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ер адам жан сақтау бөлімінде қазақ тапты, сотқа дейінгі тексеру жүргізілуде

АСТАНА, 27 ақп — Sputnik. Шымкенттегі мектептердің бірінде дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде жарылыс болып, салдарынан мұғалім қаза болды, деп хабарлады Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі. 

26 ақпан, жексенбі күні күндіз полиция қызметкерлеріне дәрігерлерге ауыр хәлде ер адамның түскені хабарланған. 

1982 жылы туылған зардап шегушіні арқасындағы жарақаттармен жеткізген. Кейіннен ер адам есін жимай көз жұмды. 

"Тексеру кезінде жәбірленушінің мектепте дәнекерлеу жұмыстары кезінде орын алған жарылыс салдарынан зардап шеккені анықталды. Ол мектеп мұғалімі болып жұмыс істеген", — деп хабарлады полицияда. 

Аталған дерек Абай аудандық ішкі істер басқармасының сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде ҚР ҚК-нің 156-бабы 3-бөлімі "Еңбекті қорғау ережелерін бұзу" бойынша тіркелді. 

Сот-медициналық сараптама тағайындалды. 


Жаңалықтар
0