02:12 19 Тамыз 2017
Тікелей эфир
Патрондар

Астанада ҰҚТ басшысының әйелі күйеуіне түрмеге патрон әкелген

© Sputnik / Евгений Биятов
Оқиғалар
Қысқа сілтеме алу
132 0 0

Жазасын өтеп жатқан Ұйымдасқан қылмыстық топ басшысының зайыбы кездесу кезінде оған патрон бермек болған, алайда оның жсопары жүзеге аспады.

АСТАНА, 2 нау – Sputnik. Колонияға күйеуіне ату жарақтарын беру үшін алып өтпек болған әйел ұсталды, деп хабарлайды Қазақстанның Ұлттық ұланының баспасөз қызметі. 

Оқиға 1 наурызда ЕЦ-166/10 мекемесінде орын алды. 6636-әскери бөлімінің бақылаушысы З. Бексаринова күйеуіне кездесуге келген әйелін тексеру барысында 9 мм калибрлі 17 патрон тәркіледі. Оқиға орнына жедел тергеу тобы келді. 

"Оның күйеуі колонияда қарақшылығы үшін жазасын өтеуде. Түрлі бап бойынша 9 жылға сотталған. Оның ішінде қаруды, оқ-дәрілері, жарылғыш заттарды заңсыз сату, сатып алу, сақтау, өткізу, тасымалдауды көздейтін 287-бап та бар. Жазасын өтеуші ҰҚТ құрамына кірді. Аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалды", — деп хабарлады баспасөз қызметінде.

Мән-жайды тергеу анықтайды. Сол күні осындай жағдай ОВ-156/3  Өскемен қаласы мекемесінде де орын алды. Сотталған ағасына кездесуге келген әйелді тексеру кезінде шұлығынан 12 000 теңге табылды.


Басты тақырыптар