02:14 19 Тамыз 2017
Тікелей эфир
қазы

Бурабайда асқа келген қонақтар жылқы етінен уланған

© Sputnik / Табылды Кадырбеков
Оқиғалар
Қысқа сілтеме алу
142 0 0

Санитарлық дәрігерлер асқа келген қонақтар жылқы етінен уланған болуы мүмкін деген болжам жасап отыр

АСТАНА, 2 нау – Sputnik. Бурабай кентіндегі асқа келген қонақтардың жаппай улануына жылқы еті себеп болуы мүмкін, деп хабарлады  Sputnik Қазақстанға Ақмола облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі басқарма бастығы Сералы Жолдаспаев. 

Бурабай орталық аудандық ауруханасына 28 ақпанда науқастар келіп түсе бастады. Бүгінгі таңда 40-тан астам адам өздерін жайсыз сезінген. Олардың барлығы жылқы етін жеген. Дәрігерлер әзірге улану, салмонеллез диагнозын қойып отыр. Жалпы 232 адам болған: жергілікті тұрғындар, Көкшетау, Астана, Петропавл және Қарағандыдан келгендер. Дәрігерлер көмегіне улану белгілерімен 44 адам жүгінді. Олардың арасында сегіз бала бар. 

"Адамдардың астан уланғаны анықталды. Барлық клиникалық көрсеткіштер олардың жылқы етінен уланғанын көрсетіп отыр. Салаттар мен жеңіл тамақтар дастарханда болмаған. Бір кесек ет жеп, ауырып қалған жағдайлар бар. Бұл жерде, мәселен салмонеллез жұқтырған адам гигиеналық нормаларды сақтамай, қолымен етке бактерия енгізген", — деді Жолдаспаев. 

Еттің дәмханада қайнатылмағаны анықталды. Етті ас берген адамдар өздері далада қазанға қайнатқан. Ал жылқы Бурабай ауданы Абылайхан ауылынан сатып алынған.  


Басты тақырыптар