Оқиға

Алматы облысында мешітті "миналаған" жалған терроршы ұсталды

© Sputnik / Жоомарт Ураимовтерроризм
терроризм - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ұсталған 40 жасар ер адам уақытша ұстау изоляторына отырғызылды

АСТАНА, 6 нау — Sputnik. Полиция Алматы облысында мешіттегі жарылғыш зат туралы хабарлаған жалған терроршыны ұстады, деп хабарлайды Sputnik Казахстан тілшісі. 

5 наурыз күні кешке Талғар АІІБ кезекші бөліміне орталық қалалық мешітте бомбаның қойылғаны туралы  анонимді хабарлама келіп түсті. 

Полиция қызметкерлері 18 дін қызметкерлері мен келушілерді қауіпсіз жерге көшіріп, мешіт  пен жақын жатқан аумақты тексеріп шықты. 

Тексеру кезінде күш құрылымдары жарылғыш заттар мен өзге күдікті заттар тапқан жоқ.  

"Жедел іздеу шараларын жүргізу кезінде құқық бұзушылық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды. Қоңырауды ол мас күйінде соққан болып шықты. Қазір ұсталған адам ҚР ҚІЖК 128-бабына сәйкес, Талғар АІІБ уақытша ұстау изоляторына отырғызылды", — деп хабарлады Алматы облысы ІІД баспасөз қызметі. 

Облыстық полицияның хабарлауынша, терроризм акті туралы жалаған хабарлама беру дерегіне сәйкес, ҚР ҚК-нің 273-бабы бойынша "Терроризм актісі бойынша жалған хабарлама" қылмыстық өндіріс қозғалды.


Жаңалықтар
0