Оқиға

Алматыда ереже бұзған жүргізушіні қуған полиция баланы қағып кетті

© Sputnik / Владимир Песня / Медиабанкке өтубағдаршам
бағдаршам - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Полиция қызметкерлері қағып кеткен бала ауруханаға жеткізілді

АСТАНА, 13 наурыз – Sputnik. Он жасар бала жол қозғалысы ережелерін бұзушылардың соңына түскен патруль көлігінің астына түсіп қалды, деп хабарлайды Алматының ішкі істер департаменті. 

Оқиға дүйсенбі күні таңертең Жангелдин көшесінің бойында орын алды. Баланың аяғы сынып, №4 Қалалық  клиникалық ауруханаға жеткізілді. 

Оқиға салдарының бейнесі әлеуметтік желіде таратылды: полицейлердің бірі жылап жатқан баланы көтеріп тұр, адамдар жиналып қалған. 

 

 

"Әкімшілік полиция басқармасының мамандандырылған батальон экипажы ЖЖЕ бұзып, қоғамдық көлікке арналған жолақпен қашып кетпек болған автокөліктің соңына түскен. Полиция көлігі жарықдыбыс белгілерімен келе жатқан. Өкінішке қарай, қызметтік көліктің жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, 2007 жылғы жаяу жүргіншіні қағып кетті. Баланы полиция қызметкерлері жақын жерде орналасқан медициналық мекемеге тез арада жеткізді. Дәрігерлер алдын ала аяқ сыну диагнозын қойды", — деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісіне Алматы ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек.

ЖКО дерегі бойынша тексеру басталды. Полиция қызметкерлеріне қатысты қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр. 


Жаңалықтар
0