05:57 25 Қараша 2017
Тікелей эфир
Максат Шишимбаев (слева)

Ақтауда мерт болған сарбаздың анасы оның өз-өзіне қол жұмсағанына сенбейді

© Foto: из семейного архива
Оқиғалар
Қысқа сілтеме алу
62 0 0

Әскери қызметшінің қазасына қатысты жаңа деректер белгілі болды

АСТАНА, 13 наурыз – Sputnik. Ақтауда мерт болған теңізші Мақсат Шишімбаевтың анасы Айсұлу Құлтасова баласы туралы айтып берді. Ол ұлының өз-өзіне қол жұмсағанына сенбейді, деп жазады "Костанайские новости" басылымы. 

Бұған дейін белгілі болғандай, бұқаралық ақпарат құралдарында сарбаздың мерт болғаны туралы ақпарат тарағаннан кейін Қорғаныс министрлігі 10 наурыз күні "қаруды абайламай қолдану салдарынан 29011 әскери бөлімінің әскери қызметшісі Шишімбаевтің қаза тапқанын" мәлімдейді.

Басылымның хабарлауынша, Мақсаттың денесі суға түсетін бөлмеде аузынан атылған оқпен табылған. "Өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ақтау гарнизонының әскери прокуроры Рустам Ходжаевтың айтуынша, теңізші әскери жарғыға сәйкес келмейтін қарым-қатынастардың құрбаны болуы мүмкін. 

Ал анасы ұлының өз-өзіне қол жұмсағанына сенбейтінін мәлімдеді.  Ол әскерге қараша айында кеткен. Сегізінші наурызда анасын құттықтау үшін хабарласқан кезде әскере бәрі ұнайтынын, келісімшарт бойынша қалғысы келетінін айтқан. 

Айсұлу Құлтасова өзі мұғалім, ал күйеуі пеш жағушы болып еңбек етеді. Ата-анасының бір ұлы қалды, ол қазір 11-сыныпта оқиды. 


Басты тақырыптар