06:47 21 Қараша 2017
Тікелей эфир
Полиция бөлімшесі

ОҚО тұрғындары жалған қарақшылық ұйымдастырған

© AFP / FRED DUFOUR
Оқиғалар
Қысқа сілтеме алу
6 0 0

Жалған қарақшылық жасап, алты миллион теңгені иемденген Түркістен тұрғындары 12 жылға бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін

АСТАНА, 13 наурыз — Sputnik. Түркістанның екі тұрғыны букмекерлік кеңседен ақша әкеле жатқан көлікті өтірік тонағандары үшін ұсталды деп хабарлады Оңтүстік Қазақстан облысы ІІД баспасөз қызметі дүйсенбі күні.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 2017 жылы 7 наурызда Ордабасы АІІБ-не Алматыдағы букмекерлік кеңседен ақша әкеле жатқан "Тойота" көлігіне қарақышылық жасалғаны туралы хабар келіп түседі. 

"Жедел тергеу іс-шараларын жүргізу барысында полицейлер жәбірленушілердің қылмыс туралы жалған ақпарат бергендіктерін анықтады. Бәйдібек АІІБ қызметкерлері үшінші сыбайласпен бірге күдіктілерді полиция бөлімшесіне жеткізді, олар ақша иемдену үшін жалған қарақшылық ұйымдастырғандықтарын мойындады", — деп мәлімет берді полиция.

Бұл дерек бойынша ҚР ҚК үш бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды, айыптылар 12 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін. Сот алды тергеу ісі жалғасып жатыр.  

Басты тақырыптар