06:37 21 Қараша 2017
Тікелей эфир
полиция көлігі

Алматыда баланы қағып кеткен полицейлер жұмыстан босатылды

© Sputnik / Евгений Одиноков
Оқиғалар
Қысқа сілтеме алу
32 0 0

Алматы ішкі істер департаментінің ақпаратына сәйкес, офицерлердің бірі полициядан шығарылып, екіншісі қызметтен босатылды

АСТАНА, 14 нау – Sputnik. Алматыда патруль көлігімен 10 жасар оқушыны қағып кеткен полиция офицерлері жұмысынан босатылды, деп хабарлайды қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі. 

Дүйсенбі күні таңертең жол жүру ережесін бұзған жүргізушіні қуған патрульдік полиция автокөлігі баланы қағып кетті. Баланың аяғы сынып, бас сүйек миының жарақатын алған. Қазіргі уақытта ол ауруханада жатыр. Бұл дерек бойынша полиция екі тергеу жүргізді – қызметтік және ЖКО дерегі бойынша.  Патруль көлігінде екі полиция қызметкері болған. Офицерлер, екеуі де аға лейтенанттар тәртіптік комиссияның шешімімен жұмыстан босатылды. 

Қазіргі уақытта аталған жол-көлік оқиғасын тергеумен қалалық ІІД Тергеу басқармасы айналысуда. Жаяу жүргіншіні қағып кеткен жүргізуші заң талаптары бойынша жауапқа тартылады. 


Басты тақырыптар