Оқиға

ОҚО-да егде ерлі-зайыптыларды қатыгездікпен өлтірді деген күдікті ұсталды

© Sputnik / Руслан Кривобокқамауға алу
қамауға алу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданында ерлі-зайыптыны өлтірген күдіктіні қамауға алынды

АСТАНА, 14 нау — Sputnik. Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданында ерлі-зайыптыны өлтірген күдікпен 26 жасар жұмыссыз ер адам ұсталды, деп хабарлады сейсенбіде облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі. 

2017 жылы 13 ақпанда  Мақтаарал АІІБ-не Алмалы ауылындағы көшелердің бірінде ер адам мен әйел адамның зорлық белгілерімен мәйіттері табылғаны хабарланған.  Оқиға орнына жедел-тергеу тобы барған. Криминалистер олардың шабылған жарақаттардан қаза тапқанын айтқан. Полицейлер қаза тапқандардың жеке басын анықтаған. Олар отбасылық жұп болып шыққан: Мақтаарал ауданының тұрғындары 1958 жылғы ер адам және 1966 жылғы әйел адам.

Бір ай өткенде жедел-іздеу шаралары барысында полицейлер күдіктіні ұстаған, ол 1991 жылғы жергілікті тұрғын болып шыққан. Ол кінәсін толығымен мойындады. Заттай дәлел ретінде балта тәркіленген. Қазіргі уақытта полицейлер оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған. Сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр


Жаңалықтар
0