Оқиға

"Жедел жәрдеммен" жол апатына түскен әйел аман-есен босанды

© Photo : Harald_LandsrathНоворожденный
Новорожденный - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Жедел жәрдем" көлігінің қатысуымен болған келеңсіз оқиғаның соңы сәтті болды

АСТАНА, 14 нау — Sputnik.  Алматыда жол апатына түскен жүкті әйел аман-есен босанды, деп хабарлады қалалық денсаулық сақтау басқармасы. 

Ведомствоның хабарлауынша, апат орнына басқа жедел жәрдем көлігі жіберілген. Ол әйелді перзентханаға жеткізеді. 

"Босану блогына түскен әйел 15 минут ішінде босанды. Салмағы 3 келі 70 грамм, бойы 50 сантиметр болатын қыз бала дүниеге келді. Анасы мен сәбиі өздерін жақсы сезінеді", — дейді басқармадағылар.

Бұрын хабарланғандай, жол апаты сейсенбі, 14 наурыз күні Бөкейхан және Райымбек көшелерінің қиылысында болды. Апатқа куә болған адамдар мен көлік жүргізушілерінің сөзіне қарағанда, жедел жәрдем Бөкейхан көшесі бойынан оңтүстікке қарай жүкті әйелді ауруханаға алып бара жатқан. Жедел жәрдем жүргізушісі кептелістен шығу үшін дыбыстық дабылмен қарсы жолаққа шығуды ұйғарады. Алайда қарсы бетте жүріп келе жатқан DAEWOO Matiz әрекет етуге үлгере алмай, "жедел жәрдеммен " соқтығысты.


Жаңалықтар
0