06:50 21 Қараша 2017
Тікелей эфир
Ер адам

Ақтөбеде әйелді тұтқынға алған ер адамды полицейлер атып тастады

© Sputnik / Руслан Кривобок
Оқиғалар
Қысқа сілтеме алу
96 0 0

Жас жігіт бұрынғы әйелін әкелуді талап етіп, басқа бір адамды тұтқынға алған. Келіссөз жүргізілгенімен, еш нәтиже шықпады.

АСТАНА, 15 наурыз – Sputnik. Ақтөбеде ер адам бұрынғы әйелін алдына әкелуді талап етіп, басқа бір әйелді тұтқынға алған; келіссөздер еш нәтиже бермегендіктен, полиция ол адамның көзін жойды деп хабарлайды Ақтөбе облысының ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.

Полиция мәліметіне сүйенсек, 2017 жылғы 14 наурызда сағат 19.00-де Ақтөбе қаласы полициясына белгісіз ер адам Ә.Молдағұлова даңғылы бойында орналасқан стомотологияның қызметкерін 1991 жылы туған азамташаны кепілге алып, оның өміріне қауіп төндіріп отырғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Брифинг кездінде ІІД басшысының бірінші орынбасары Арыстанғали Заппаров мәлімдегендей, қылмыскердің бұрынғы әйелі осы стоматлогия орталығында тығылып отырған, ер адам администратордың мойнына пышақ төсеп, әйелді алып шығуды талап етіпті.

ІІД басшысының бірінші орынбасары Арыстанғали Заппаров
© Sputnik / Антон Пережогин
ІІД басшысының бірінші орынбасары Арыстанғали Заппаров

Оқиға орынына дереу жеткен полиция қызметкерлері қылмыскердің жеке тұлғасын анықтады. 1993 жылы туған, азамат А. — жұмыссыз, бұрын 2016 жылы қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Ол биыл 7 наурызда ажырасқан, 1993 жылы туған бұрынғы әйелімен жолықтыруды талап етті.

Белгілі болғандай, ол осы оқиғаға дейін 3 сағат бұрын бұрынғы әйелінің үйіне барып, оның ата-анасын, дәлірек айтқанда 1970 жылы туған енесіне пышақ салғаны анықталды.

Ақтөбе облысының ІІД басшылығымен, қалалық ІІБ және Ақтөбе қаласының прокурорымен 5 сағат көлемінде кепілге алған, өміріне нақты қауіп төнген азаматты босату туралы келіссөздер жүргізілді. Алайда, қылмыскер заң талаптарын орындаудан бас тартты. Оқиға орнына жеткізілген туыстарының да өтініштеріне құлақ аспады. Қылмыскер бар мақсаты бұрынғы әйелін өлтіру екенін, оны алдын ала жоспарлағанын айтты.

"Осы уақыт аралығында жүргізілген келіссөздер нәтиже бермеді. Барлық қабылданған шаралар бейбіт жолмен шешуге еш мүмкіндік болмағандықтан, әрі қылмыскер әрбір минут сайын ызаланып, адам өміріне қауіпті күшейткенін ескеріп, сағат 00.00-де полиция қызметкерлері кепілге алынған азаматшаның өмірін алып қалу үшін арнайы операцияға кірісті. Заңға сәйкес табельдік қару қолданып, қылмескердің көзі жойылды", — деп ақпарат берді ведомство.

Полиция айтып өткендей, кепілге алынған азаматша босатылып, арнайы шара кезінде зардап шекпеді. Алайда, болған оқиға салдарынан жүйке күйзелісін бастан өткеріп, қазіргі кезде дәрігерлермен психологтардың бақылауында. Оған медициналық және өзге де қажетті көмек көрсетілуде.

Басты тақырыптар