06:31 21 Қараша 2017
Тікелей эфир
қамауға алу

Қазақстандық содыр 6 жыл іздеуден кейін Ауғанстаннан экстрадицияланды

© AFP / Noel Celis
Оқиғалар
Қысқа сілтеме алу
19 0 0

Ауғанстанда ұсталған қазақстандық содырды Қазақстанға жеткізді

АСТАНА, 15 нау – Sputnik. Алты жылға созылған іздестіру шараларынан кейін терроризм қылмысы бойынша айып тағылған ер адам Қазақстанға қайтарылды. 

Ведомствоның мәліметіне сәйкес, 2017 жылғы 15 наурызда ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жәрдемімен З азамат Қазақстанға экстрадицияланды.

"Ол террорлық топты құру, басқару, оның қызметін қаржыландыру және Атырау облысы аумағында террорлық қылмыстар жасағаны үшін айыпталуда. 2011 жылдан бастап іздеуде болды", — делінген хабарламада.  

Осыдан бұрын, Ауғаныстан Ислам Республикасының құзырлы органдары бұл азаматты қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін ұстап беру туралы Қазақстан Бас прокуратурасының сұранысын қанағаттандырды.

Жыл басынан өзара келісім қағидаты негізінде Ауғаныстаннан Қазақстанға екі тұлға экстрадицияланғанын атап өтеміз.


Басты тақырыптар