06:43 21 Қараша 2017
Тікелей эфир
Мухтар Аблязов

Мәскеу арбитражы БТА Банкінің Әбілязовқа қатысты шағымын қанағаттандырды

© AP Photo / Alexander Turnbull
Оқиғалар
Қысқа сілтеме алу
8 0 0

Мәскеу арбитраж соты Лондон жоғарғы сотының БТА Банктің бұрынғы басшысы Мұхтар Әбілязовтан 420 миллион долларға жуық қаржыны өндіріп алу туралы шешімін қанағаттандырды

АСТАНА, 15 нау – Sputnik. БТА банктің бұрынғы басшысы Мұхтар Әбілязовтан 420 миллион долларға жуық қаржыны өндіріп алу бойынша Лондон жоғарғы сотының шешімін РФ аумағында тану және орындау туралы БТА Банктің өтінішін қанағаттандырды, деп хабарлайды РАПСИ Мәскеу арбитраж сотының ұйғарымына сілтеме жасай отырып. 

"2012 жылдың 23 қараша күні Лондон жоғарғы соты БТА Банктің Әбілязовқа, Роман Солодченкоға, Drey Associates Limited, Interfunding Facilities Limited, "АМК-Инвест" жобалау-құрылыс компаниясы» ЖШҚ, "ТуранАлем Капитал" ЖШҚ және Zrl Beteiligungs AG компанияларына қатысты түсірген шағымы бойынша шешім шығарды. Қазақстандық банк Мәскеу арбитраждық сотынан Мұхтар Әбілязовқа қатысты Лондон жоғарғы сотының шығарған шешімін РФ аумағында мойындау туралы өтініш білдірді", — деп жазады басылым. 

Көптеген қылмыстары үшін Әбіләзов пен оның сыбайластары тек Қазақстанда және Ресей Федерациясында ғана емес, сондай-ақ бірқатар европалық мемлекеттермен, соның ішінде Украина және Швейцария тарапынан қудалануда, ал Ұлыбританияда ол 22 айға бас бостандығынан айырылған.

Әбіләзовтың сыбайластары 7,5 миллиард доллардан астам қаржыны жымқырған. Әбіләзовты айыптау жөніндегі қылмыстық іс 160-тан аса эпизодтан тұрады және ұлттық тергеу практикасындағы ең күрделі экономикалық істердің бірі болып табылады. Бұл істің әрбір эпизоды жүздеген миллиард теңгені жымқыру немесе жылыстату туралы мәліметтерден тұрады.

2016 жылғы 9 желтоқсанда Франция Республикасының Мемлекеттік Кеңесі (ең жоғарғы әкімшілік құрылым) Ресей Федерациясының экстрадициялық сұранысына сәйкес Әбіләзовты Ресейге беру туралы Франция Премьер-Министрінің шешімін бұзып, оны қамаудан босатты. Ресей Федерациясының бас прокуратурасы бұл мәселе бойынша өз ұстанымын ресми хабарламада білдірді.


Басты тақырыптар