06:32 21 Қараша 2017
Тікелей эфир
бензовоз

Қазақ-қырғыз шекарасында заңсыз отын партиясын ұстаған

© Sputnik / Виталий Аньков
Оқиғалар
Қысқа сілтеме алу
9 0 0

Қырғызстан азаматы екі тоннаңа жуық отын алып өтпек болған

АСТАНА, 15 нау – Sputnik. Қырғызстан азаматы шекара арқылы екі тоннаға жуық жанар-жағар май алып өтпек болған, деп хабарлайды ҚР ҰҚК шекара қызметі. 

Шекара қызметінің хабарламасына сәйкес, Қазақ-қырғыз шекарасында көлікті тексеру барысында жанар-жағармайдың ірі партиясы табылған. 

"Қордай авто" өткізу бекетінің шекарашылары Қазақстаннан Қырғызстанға "Ивеко" автокөлігімен өтпек болған 33 жастағы Қырғызстан азаматын ұстады. Көлікті тексеру барысында салоннан бак орнатылған жасырын орын табылды, онда 1,8 тоннаға жуық жанар-жағармай болған", — делінген хабарламада.   


Басты тақырыптар