Оқиға

Нанаветың ісі бойынша екінші сотталушы: мен ешкімді ұрған жоқпын!

© Sputnik / Андрей Стенин / Медиабанкке өтуСотталушы
Сотталушы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Дарынды баскетболшы Игорь Нанаев өткен жылдың қазанында Петропавл түнгі клубындағы төбелестен кейін көз жұмды. Спортшының өлімі үшін бес күдікті сот алдында жауап беріп жатыр

АСТАНА, 17 нау — Sputnik. Елена Бережная. Баскетболшы Игорь Нанаевтың өлімі туралы аты шулы іс бойынша сотта екінші күдікті Әділ Мендібаев жауап берді. 

Спортшының өлімі үшін сот алдында бес күдікті: Қайбаров Димаш, Мақатов Бауыржан, Әскеров Жанбатыр, Меңдібаев Әділ жауап бер3п жатыр.

Әділ Меңдібаев – Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің 4-ші курс студенті.  Ол өз кінәсін ҚР ҚК 293-баптың 2-бөлімі (бұзақылық) бойынша жартылай мойындап отыр. Оның сөзіне қарағанда, ол алкогольдік ішімдік ішіп, жеңіл мас күйінде қоғамдық орында болғаны үшін ғана кінәлі. Ол төбелеске қатыспағанын және ешкімді ұрмағанын алға тартып, ҚР ҚК-нің 106-бабы бойынша (Абайсызда жәбiрленушiнiң өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру) кінәсін мойындап отырған жоқ. 

Мендібаевтың сотқа жауап беруінше, қазанның екісінен үшіне қараған түні ол досы Жанболат Әскеровпен телефон арқылы хабарласып,олар түнгі он бір жарымда "Парк Сити" түнгі клубына барған. Ол жерде өзінің бұрынғы құрбысы Ботагөз Әміренованы кездестірген. Ол кезде олар айырылысып кеткен, бірақ байланыстарын үзбеген. Әскеровен бір шөлмек сыра (ол сол күні басқа ішімдік ішпеген) ішіп, демалған, билеген. 

Қылмыстық іс - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Нанаевтың ісі: "капюшон киген жігіт" сотқа түсінік берді

"Түнгі екі жарым шамасында Әмренова Қайыржанованың өзін нашар сезініп жатқанын жеткізіп, таза ауаға шығып келеміз деген. Біз Әскеров екеуміз сыртқа шығып темекі шегуді ұйғардық… Біз клуб қақпасының маңында әңгімелесіп, темекі шегіп тұрдық. Сосын біздің жанымызға бейтаныс ұзын бойлы жігіт келді, кейіннен оның Антропов екені белгілі болды. Ол темекіні тұтандырып беруді өтінді, мен оттықты алып тұтандырып бердім. Сосын ол қыздарды көріп солардың жанына барды, оларды құшақтап шетке қарай әкете бастады. Мен мұны көрген кезде, ішімде қызғаныш пайда болып, жандарына барып, "Бір мәселе бар ма? Бұл қыздар менімен бірге!", дедім.

Маған Антропов:"Сен өзің кімсің? Маған не таққың келіп тұр?" деп жауап берді. Одан кейін Әскеров келіп, Антроповты шетке алып кетіп, сөйлесті. Бұл уақытта мен қыздардан оның кім екенін сұрадым. Қайыржанова олардың араласпайтынын, жаттығуларда ғана көретінін айтты. Кейіннен мен айналып қараған кезде Әскеров пен Антроповтың жанында Динаш Қайбаровтың тұрғанын көрдім. Олар сөйлесіп тұрды. Мен Антроповтың "Ал сен бұған араласпа" деп дауыс көтергенін естідім. Сосын менің көңілім Әмренова бөлініп кетті. Шамалы уақыттан кейін мен Антроповтың "Жын ұрды ма сені?" дегенін естідім. Мен айналып солар тұрған жаққа бардым, оны көрген Антропов "Жабылғыларың келіп тұр ма? Жарайды онда күтіңдер!", деп клубқа қарай кетті", — деп түсінік берді Меңдібаев. 

Оның сөзіне қарағанда, біраз уақыттан кейін клубтан үш ұзын бойлы жігіт – Нанаев, Антропов және Кузнецов шыққан. Нанаев сотталушының сөзіне қарағанда ішіп алған, өйткені ол теңселіп жүрген, тілі күрмеліп, дауыстап боғауызбен сөйлепті. "Кімнің күші тасып барады?! Кім менімен бірге-бір шығады? Кез келгеніңмен бірге-бір шығамын", — деп келтірді Меңдібаев Нанаетың сөзін. 

"Антропов Әскеровпен сөйлесе бастады, олардың әңгімесіне біреулер үнемі жағаласып отырды. Антропов "Парк Сити" ғимаратының шетіне қарай жүре бастады. Барлығы соңнан ерді. Сосын жалпы топтан Нанаев пен Қайбаров бөлініп, шетке қарай шықты. Олардың соңынан Әмренова кетті. Мен оған алаңдап соңынан бардым, оның шекте шығарып алып араласпауын сұрадым. Сосын менің жаныма Шәкебай мен Кузнецов келді. Мен Кузнецевтан темекі бар ма деп сұрадым. Ол маған темекіні тұтандырып берді. Не болды деп сұрады. Мен өзім түсінбедім бір нәрсені талқылап жатыр дедім… Біз Кузнецов екеуміз  әңгімелесіп, темекі шегіп отырдық. Сол кезде Әмренова келіп, сағаттың қаншы болғанын сұрады", — деді Меңдібаев. 

Меңдібаев  оң қолында темекі ұстап тұрғанын, сол қолындағы сағатын көру үшін қолын көтерген кезде Қайбаротың Нанаевқа соққы жасап жатқанын байқағанын айтты. 

Игорь Нанаевтың досы - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Нанаевтың ісі: баскетболшының досы сотта куәлік етті

"Нанаев бірден маған қарай шегінді, маған тиіп кетпеуі үшін мен сол қолымды тіреп, итеріп жібердім. Одан кейін Нанаев пен Қайбаров бір-біріне соққы берген. Қайбаров бетіне тиді. Нанаев та ұрмақ болды,бірақ тимеді. Ол ішіп алған болатын, сондықтан соққылары әлсіз әрі дәлденбеген. Мен Әмренованың жанына қарай бардым. Нанаев қаша бастады. Жүгіріп бара жатып: "Саня мені соқты, ұрыңдар оларды!" деді. Жанымда Кузнецов тұрды, мен оған араласпа, өздері шешіп алады дедім. Ол: "Болды-болды, жарайды", деді. 

Мен клубтың бұрышына барған кезде, онда көп адамдар жиналып қалған. Мен Нанаевтың клубқа қарай кіріп бара жатқан Қайбаровтың артынан соққы жасап жатқанын көрдім. Нанаев бір соққы беріп қайта артқа шегінді. Қайбаров артқа бұрылды, Нанаев қайтадан Қайбаровқа ұмтылды. Қайбаров оған соққы берді. Нанаев бетімен құлап, басы асфальтқа тиеді. Сосын Қайбаров аяғымен тағы екі үші соққы берді. Нанаев ол кезде ес-түссіз жатты.  


Жаңалықтар
0