23:54 24 Наурыз 2017
Тікелей эфир
Ауғанстаннан қазақстандықты экстрадициялау

ҚР ҰҚК 2011 жылғы Атыраудағы терактінің бастамашысы туралы айтып берді

© Foto: Пресс-служба Комитета национальной безопасности РК
Оқиғалар
Қысқа сілтеме алу
15610

Ауғанстаннан экстрадицияланған қазақстандық "Джунд аль-Халифат" террористік ұйымының белсенді қатысушысы болған екен

АСТАНА, 17 нау — Sputnik. Интерпол желісі бойынша алты жыл іздеуден кейін терроризм актісін әзірлеу мен террористік әрекеттерге қатысты деген күдікті Дамир Зналиев Ауғанстаннан Қазақстанға экстрадицияланды.

"Зналиевтің Ауғаныстандағы Сари-Пуль елді мекенінде ағымдағы жылдың 21 қаңтарында қамалуы және оның Қазақстанға қайтарылуы ҰҚК-нің Ауғаныстанның Ұлттық Қауіпсіздік Бас Басқармасымен бірлесе жүзеге асырылған оны іздестіру бойынша жұмысының нәтижесі болып табылады", — деп хабарлады ҰҚК.   

Қазір Зналиев тергеу изоляторына отырғызылып, тиісті процессуалдық шаралар жүргізілуде.

Қылмыстық істің материалдарына сәйкес Зналиев радикалды діни көзқарастардың ықпалымен 2011 жылы ауған-пәкістан шекаралас аймақтарына шыққан.

"Сол кезден "Джунд аль-Халифат" террористікұйымының қалыптасуына белсенді қатысқан.  Аталған террористік топ бірқатар мемлекеттерде орын алған лаңкестік актілеріне жауапты, оның ішінде 2011 жылғы қазанда Атырау қаласындағы жанкештілер жасаған 2 жарылысқа да қатысты. Зналиев аталған акцияларды бастаушылардың бірі болып табылады", — деп мәлім етті комитетте.

Экстрадиция казахстанца из Афганистана
© Foto: Пресс-служба Комитета национальной безопасности РК
Экстрадиция казахстанца из Афганистана

Зналиевке қылмыстарына қатысты тағылған айыптар бойынша кінәсі соттың қорытынды шешімімен анықталады.  

Жалпы, қазіргі таңда "Джунд аль-Халифат" лаңкестік тобы толық бейтараптандырылған. Оның басшысы Бельгия Мемлекетінің азаматы Моэз Гарсаллауи 2012 жылы Пәкістан аумағында пилотсыз ұшақ аппаратынан жасалған әуе соққысымен жойылған.     

Кейінен 2013 жылғы ақпанда террористік топтың өзге белсенді мүшесі ҚР азаматыОрынбасар Мунатов Пәкістанда құрықталған. Ол Қазақстанға қайтарылып, 20 жыл бас бостандығынан айырылып, жазасын өтеуде. 
     
Қазіргі кезде "Джунд аль-Халифат" тобының тағы бір мүшесі, ҚР азаматы "Х"-ті іздестіру жалғасуда, ҰҚК-нің мәліметі бойынша аталған тұлға Сирияда жасырынып, террористік іс-әрекеттерге қатысуда.

Басты тақырыптар