Оқиға

Алматыда қар көшкіні жүрді

© Sputnik / Анатолий УстиненкоАрхивно фото схода лавины
Архивно фото схода лавины - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматыда Кіші Алматы өзенінің бассейнінде №22 және №5 көшкін жинау жерлерінде қар көшкіні түсті

АСТАНА, 18 мар — Sputnik. Алматыда сенді, 18 наурыз күні таңғы сағат 10.00-де Кіші Алматы өзенінің бассейнінде №22 және №5 көшкін жинау жерлерінде қар көшкіні түсті, деп хабарлайды қалалық ТЖ департаментінің баспасөз қызметі.

"Қазселқорғау" мекемесі қызметкерлерінің бақылауы бойынша, көшкін Іле-Алатау тауының бөктерінде қалып, "Кіші Алматы" өзеніне жетпеген. Түскен көшкін көлемі 400 текше метрді құрайды. 

"Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ", — деп қосты құтқарушылар. 

Бұдан бұрын Алматы ТЖ департаменті таулы аудандарында жауын-шашынның көп түсуіне және қар жамылғысының биіктігіне байланысты 18-19 наурыз кезеңінде қар көшкінінің жүруі күтіледі, деген ескерту жариялаған. Осы себептерге байланысты алматылықтарға тік қарлы беткейлерге шықпау ұсынылды.


Жаңалықтар
0