03:22 27 Сәуір 2017
Тікелей эфир
Балық аулау

Еліміздің оңтүстігінде найзағай түсуі мүмкін

© Sputnik / Владимир Вяткин
Оқиғалар
Қысқа сілтеме алу
14 0 0

Қазақстанның оңтүстігінде дауыл тұрып, найзағай түседі

АСТАНА, 20 нау – Sputnik. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың батыс, оңтүстік-шығыс, шығыс және оңтүстік аймақтарының кей жерлерінде жауын-шашын болуы мүмкін, деп хабарлайды Қазгидромет метеоқызметі.

Жамбыл облысының  кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді, кей жерлерде тұман түседі. Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 25 м/с шаңды дауылмен күшейеді.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20, таңертең және күндіз екпіні 23 м/с болады, кей жерлерде найзағай түсуі ықтимал. Маңғыстау, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман болып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай, Павлодар, түнде  және таңертең Ақмола, Солтүстік Қазақстан, түнде Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман байқалады. Ақтөбе облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.


Басты тақырыптар