Оқиға

Алматы-Бішкек ұшағы техникалық себептерге байланысты қайта оралды

© Photo : Пресс-служба "Эйр Астана"Эйр Астана
Эйр Астана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматыдан Бішкекке аттанған ұшақ әуежайға қайта оралды, әуе компаниясы мұны техникалық себептерден деп түсіндірді

АСТАНА, 23 наурыз — Sputnik. "Эйр Астана" әуе компаниясының ұшағы сәрсенбі күні Алматыдан Бішкекке аттанып, техникалық себептерге байланысты қайта оралды деп хабарлайды әуе компаниясының баспасөз қызметі.

Tajik Air әуе компаниясының ұшағы - Sputnik Қазақстан
Әлем
Тараздан шыққан ұшақ Худжандқа апаттық жағдайда қонды

Әуе тасымалдаушысының мәліметіне сүйенсек, КС 109 Алматыға қонған. Жолаушылар сапарын басқа ұшаққа мініп жалғастырады. 

"Рейстің ұшырылуы жергілікті уақыт бойынша 20:30-ға жоспарланған. "Эйр Астана" туындаған қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды", — делінген хабарламада.

Басқа мәлімет берілген жоқ. 

Бұл наурыз айының басынан бері "Эйр Астана"  ұшақтарымен болған төртінші жайт. Бұдан бұрын да үш жағдай техникалық себептерге байланысты болған.

Жаңалықтар
0